Қытай мен АҚШ арасында сауда келіссөзі аяқталды

15:02, 25 тамыз 2018

Қытай мен АҚШ өзара сауда мәселесінде ашық әрі кон-структивті келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы бүгін Қытайдың сауда министрлігі ресми сайтында хабарлады. Бірақ нақты қандай шешімге келгенін Ақ үйдің баспасөз қызметі де Қытай тарапы да жарияламай отыр. «Екі жақ алдағы уақытта да өзара байланасты болады», – деген қысқа хабарламамен шектелген. Бейжің делегациясын бастап барған сауда вице-министрі Ван Шоу-вэнь АҚШ қаржы министрлігінің халықаралық істер жөніндегі басшысының орынбасары Дэвид Мелпаспен екі күнге созылған келіссөз өткізді. Ақ үйдің баспасөз қызметі қытай делегациясының Вашингтонға ісспарына ілтипат білдіріп қана қойды. Кешелі бері өткен келіссөз өтіп жатқанда, Қытайдың сыртқы істер министрі тараптар ортақ оң шешімге келеді деп үміттенетінін мәлімдеді. Алайда ол үміт ақталды ма әзірге белгісіз.

– Әрине, барлығымыз сауда келіспеушілігі реттелсе деп үміттенеміз. Дегенмен көп нәрсе күтуге тағы болмайды. Өйткені бұған дейінгі келіссөздерден айтарлықтай нәтиже шыққан жоқ. Сауда келіссөзі жылдап жүретін күрделі процесс, ол бір-екі кездесуден кейін бірден шешілмейді. Ең бастысы дұрыс қарым-қатынасты сақтау өте маңызды, - деді Қытай халық университеті қаржылық зерттеу институтының сарапшысы Лю Ин.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!