Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жол құрылысы жобасы қайта қаралмақ

09:34, 28 қазан 2021
576

© Сурет: Zakon.kz.

Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жол құрылысы бойынша барлық құжаттар әзірленгенін 27 қазанда Жогорку Кеңештің отырысында үкімет басшысы Ақылбек Жапаров мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұның алдында Эмил Токтошев темір жол құрылысы бойынша келіссөз қашан басталатынын сұраған.

"Өзбек тараппен келіссөз аяқталды. Министрлер тікұшақпен ұшып барып, тиісті құжаттарды әзірледі. Біз президент Садыр Жапаровтың Қытайға сапарын күтіп жүрміз. Қытай коронавирусқа байланысты ашылмай жатыр. Ашылса, сапар кезінде бұл мәселенің тағдыры шешіледі деп күтеміз. Соңғы маршруттардың барлығы Қырғызстан ішінде анықталды. Біздің аймақтан өтетіні 280 шақырым екен. Оның 57 шақырымы тоннел болады. Қазір бәрі осы жобаның жүзеге асуын қалап жатыр. Енді қаржы мәселесі қалай болады, оны қарап жатырмыз", - деді Жапаров.

Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан темір жол құрылысы мәселесі соңғы 20 жылдан бері талқыланып, бірақ жүзеге аспай келеді. Бұрынғы президент Сооронбай Жээнбеков Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан темір жолы құрылысына Ресей де қатысуға дайын екенін мәлімдеген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!