Қытай Қырғыз елімен арадағы шекараны бір аптаға жапқалы жатыр

12:52, 17 қаңтар 2020
567

Қытай Қырғызстанмен арадағы шекараны 24-30 қаңтар аралығында бір аптаға жабады, деп РИА Новости Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекеттік шекараның қырғыз-қытай учаскесіндегі Торуғарт және Иркештам өткізу бекеттері 24-30 қаңтар аралығында уақытша жабылады" делінген баспасөз хабарламасында.

Шекара қытай тарапының бастамасымен ұлттық көктем мерекесі - Қытайдың Жаңа жылын атап өтуге байланысты жабылады.

"Шекарадағы өткізу бекетінің жұмысы 31 қаңтардан бастап жанданады", деп атап өтті баспасөз қызметі.


Источник: zakon.kz

Пікір