Қытай коронавирусқа қарсы спрей түріндегі вакцинаны адамдарға сынағалы жатыр

14:25, 11 қыркүйек 2020
205

Қытаймұрынға арналған спрей түріндегі коронавирусқа қарсы вакцинаның клиникалық тұрғыда сынаққа рұқсат берді, деп хабарлайды zakon.kz Global Times-қа сілтеме жасап.

Сынақ қараша айында басталады деп күтіледі. Оған 100 еріктіні тарту жоспарланған. Бұл Қытайдың Ұлттық медициналық құрылғылар басқармасы мақұлдаған осы типтегі жалғыз вакцина. Мұнда 10 коронавирусқа қарсы вакцинаның клиникалық сынақтарына рұқсат берілген.

Гонконг университетінің жетекші микробиологы Юэн Квок-Юнгтің айтуынша, вакцина иммундық реакцияны белсендіру үшін респираторлық вирустармен табиғи инфекция жолын имитациялайды. Ғалым атап өткендей, мұрынға арналған спрей арқылы вакцинациялау тұмау мен коронавирусқа қарсы екі жақты қорғанысты қамтамасыз етеді. Үш кезеңнен тұратын клиникалық сынақты аяғына жеткізу үшін кем дегенде бір жыл қажет.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір