Қытай 6G-ді сынау үшін ғарышқа жерсерік ұшырды

11:44, 9 қараша 2020

Қытай әлемдегі алғашқы 6G желісі бар жерсерікті ғарышқа ұшырды. Ол алтыншы буын желісінің эксперименттік технологиясының қаншалықты жақсы жұмыс істейтіндігін көрсетуі керек, деп хабарлайды zakon.kz Korrespondent сайтына сілтеме жасап.

Спутник Шаньси провинциясындағы Тайюань ғарыш айлағынан ұшырылып, басқа 12 аппараттармен бірге орбитаға сәтті шықты.

6G эксперименттік аппаратын Chengdu Guoxing Aerospace Science and Technology компаниясы, Қытайдың электронды ғылымдар мен технологиялар университеті және Beijing MinoSpace Technology компаниясымен бірлесіп жасалғаны белгілі.

Технология деректерді беру жылдамдығын арттыруда 5G жылдамдығынан бірнеше есе жоғары жылдамдыққа жету үшін жоғары жиілікті терагерцтік толқындарды қолданады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!