Қытай Covid-19 вирусының басты құпиясын жасырып отыр

11:56, 31 желтоқсан 2020
951

Қытай үкіметі COVID-19 вирусының пайда болуын зерттеуді құпия етіп тастады, деп хабарлайды Associated Press.

Басылым мәліметінше, Қытай билігі пандемияға әкелген вирустың пайда болу көзін зерттеуге ірі қаржы бөлген.

Бірақ бірде бір материал арнайы комиссияның келісімінсіз жария етілмейді. Тіптен бұл зерттеу Қытай басшысы Си Цзиньпиннің тікелей қадағалауында болмақ. Бұл ақпарат құжаттың шығып кетуінің арқасында журналистер жариялап жіберген, дейді centralasian.org.

Қытай үкіметі вирус елден тыс аймақта пайда болуы мүмкін деген болжамды да алға тартып отыр.

Қазір вирус жұқтырған жарқанаттар мекендейтін үңгір басты зерттеу нысанына айналған. Бұл өңірді Қытай үкіметі аса құпия сақтап отыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!