Қытай АҚШ-қа жауап ретінде америкалық тауарларға баж салығын көтермек

10:01, 19 қыркүйек 2018

Қытай АҚШ-қа жауап ретінде 5200 америкалық тауарға салынатын баж салығын көтермек, деп хабарлайды Хабар 24.

Жалпы құны 60 миллиард долларды құрап отыр. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының қаржы министрлігінің өкілдері жариялады. Құжат 24 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Бұған дейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп Қытайдан экспортталатын тауарлардың тағы бір бөлігіне құны 200 миллиард доллар болатын 10%-дық салық енгізу туралы шешімге қол қойған еді. Бұл жаңа салық та 24 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Айта кеткен жөн, қыркүйектің 27-28 күндері Вашингтонда Қытаймен жаңа келіссөздер өтуі тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, екі елдің сауда қатынасы жыл басынан бері шиеленісе түсті. Оған арадағы сауда балансының теңсіздігі түрткі болды. Президент Трамптың пікірінше, Қытай елі АҚШ-қа қатысты әділетсіз сауда саясатын жүргізіп отыр. Осының салдарынан АҚШ экономикасына көптеп шығын келуде.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!