Қысқы Олимпиада-2022: спортшылар қалай тамақтанады?

16:30, 15 қараша 2021

© Сурет: Instagram/olympics

Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарының ұйымдастырушылары жарысқа қатысушылардың тамақтануы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Барлық тағамдар 1 ақпанда атап өтілетін қытайлық жаңа жыл дәстүрінің нышандарымен безендіріледі. Спортшыларға 12 өңірден және түрлі мәдениеттің 678 түрлі тағамы ұсынылады.

Global Times басылымында атап өтілгендей, мәзірге түрлі дінге сенетін адамдарға арналған тағамдар кіреді: вегетариандық тамақ, халал және табиғи.

Спортшыларға арналған тағамда бұрыш және басқа да дәмдеуіштер болмайды. Ұйымдастырушылардың пікірінше, олар допинг-сынамаға әсер етуі мүмкін.

Пандемияға байланысты асхана атлеттерге маска, қолғап, спиртті мақта және қолға арналған санитайзер береді.

Бейжіңде 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында өтеді.

Бақытжан Отарбаева


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!