Қырымды су басты. Көліктер су бетінде қалқып жүр

14:50, 17 маусым 2021

© Сурет: әлеуметтік желіден алынды

Қырымның шығысында қатты нөсер жаңбыр жауды, деп хабарлайды zakon.kz.

РИА Новостидің хабарлауынша, Керчь пен оған жақын орналасқан елді-мекендерде бір жарым айдың көлемінде түсетін жауын-шашын жауған.

Түбекте дауылды ескерту жарияланып, найзағай ойнап, жел күшейеді деп күтіледі.

Трансформаторлы қосалқы станцияларды су басқаннан кейін Керчьтің орталығы жарықсыз қалды, 236 үй мен аурухананы да су басқан.

Керчь маңындағы Приозерное ауылында қатты нөсерге төтеп бере алмаған дамба жарылды, салдарынан бау-бақшасы бар 18 үйді су басты.

Құтқарушылар 40 адамды, оның ішінде 10 баланы эвакуациялады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!