Қырғызстанның экс-денсаулық сақтау министрі ұсталды

11:33, 16 қыркүйек 2020

15 қыркүйекте Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі болған Космосбек Чолпонбаев ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Бұл жөнінде елдің қаржы полициясының баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша, оған қызметін асыра пайдаланды, жұмысына салғырттық танытты деген айып тағылған. Жалпы ел қазынасына 9 миллион сом шығын келтіргені айтылған.

Қалған мәліметтер тергеу құпиялығына байланысты жарияланбады.

Экс-министрдің ұлы Эркин Чолпонбаев әкесінің ұсталғанын растады.

Биыл шілде айында Космосбек Чолпонбаевты арнайы қызмет өкілдері тергеуге шақырған.

31 наурызда ел президенті Жээнбеков денсаулық сақтау министрлігі мен COVID-19 вирусына қарсы күрес республикалық штабының жұмысын сынға алған. Осыдан кейін Космосбек Чолпонбаев қызметінен алынып, оның орнына елдің вице-премьер-министрі Алтынай Омурбекова тағайындалған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!