Қырғызстандағы президенттік сайлауды 700-ден астам халықаралық бақылаушы қадағалаған

22:36, 16 қазан 2017

Көршілес қырғыз еліндегі президенттік сайлауда социал-демократтардың кандидаты Сооронбай  Жээнбеков жеңіске жетті.

Бұл әзірге дауыс берудің алдын ала қорытындысы екенін айта кеткеніміз жөн. Орталық сайлау комиссиясы оны сайлау учаскелері  жабылған соң бір сағаттан кейін жариялады. Деректерді тез алуға дауыс санаудың жаңа жүйесі оң әсерін тигізген.

Нуржан Шайлдабекова, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрайымы:  

- Жээнбеков Сооронбай 917 мың 209 дауыс, яғни 54,81% жинады. Аймақтық сайлау комиссияларынан қолмен есептелген хаттамалардың 99%-дан астамын қағаз түрінде алдық. Ал Орталық сайлау комиссиясының сайтына қолмен толтырылған хаттамалардың 100%-ы графикалық көшірмелер ретінде келіп түскенін айта кету керек.

Жеңімпаздың басты қарсыласы «Республика» партиясының жетекшісі Омурбек Бабанов болды. Орталық сайлау комиссиясының дерегі бойынша, ол сайлаушылардың 33,74% дауысын жинады. Бұл кандидат үшін Шу мен Талас облыстары тұрғындарының басым бөлігі дауыс берген. Бірақ басқа бес облыс, соның ішінде Ош және Жалал-Абад сияқты тығыз орналасқан елді мекен тұрғындары Сооронбай Жээнбековты таңдапты. 

Жалпы сайлау барысын қадағалау үшін Қырғызстанға 700-ден астам халықаралық бақылаушы барған. Бұл – 58 мемлекет пен 56 ұйым өкілдері. Орталық  сайлау комиссиясы ресми қорытындыларды жария ету үшін 20 күн керек деп отыр. Осы уақыт ішінде  бюллетеньдердің бәрі қолмен саналады. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!