Қырғызстанда коронавирустан алғаш рет адам көз жұмды

10:54, 3 сәуір 2020
1039

Қырғызстанда коронавирустан алғаш рет адам көз жұмды, деп хабарлайды zakon.kz 24.kg-ге сілтеме жасап.

Кеше Ош облысының Ноқат аумақтық ауруханасында науқас қайтыс болды. 61 жастағы ол шетелден келген. Науқастың созылмалы дерттері асқынған, - деді республикалық штабтағылар.

Сонымен қатар, Қырғыз елінде бүгін жаңа вирустың тағы 9 дерегі тіркелді.

Төрт науқастың жағдайы ауыр, біреуі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Жалпы, бүгінде Қырғызстанда коронавирустың 125 фактісі расталды, олардың бесеуі сауығып шықты. 1,9 мың адам науқастармен байланыста болған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір