Қырғызстан қытай етіне уақытша тыйым салды
Қырғызстан Қытайдан ет өнімдерін тасуға уақытша тыйым салды. Бұл туралы Қырғызстан мемлекеттік ветеринарлы және фитосанитарлы қауіпсіздік инспекциясы хабарлады, деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.
Инспекция мәліметі бойынша, 2019 жылы Қытайдың Хенань провинциясынан 48 тонна үйрек еті әкелінген.
Хенань провинциясы жаңа вирус тараған Хубэй провинциясынан 500 шақырым жерде орналасқан. Вирусқа қатысты жағдай тынышталмайынша, Қытайдан Қырғызстанға ет уақытша кіргізілмейді.
Қытайда тараған жаңа вирустан 25 адам қаза тауып, 830-дан астам адам кесел жұқтырды. Вирус басқа да елдерге тарап жатыр. Жұқпалы вирус Сингапур мен Вьетнамда да тіркелді.
Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың таралуын Қытайдағы төтенше жағдай деп жариялады, бірақ ғаламдық эпидемия туралы дабыл қағылмады. Дегенмен жаңа вирус эпидемиясы жариялануы мүмкін.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 3 қараша 2022
«Барыс» ҚХЛ аясындағы ойындарда 14-ші жеңілісін тіркеді
-
21:55, 3 қараша 2022
Илон Маск G20 саммитіне қатысады
-
18:50, 3 қараша 2022
Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды
-
14:06, 1 қаңтар 2022
Ким Чен Ын: 2022 жыл – «Өліммен күрес» жылы
-
10:24, 18 желтоқсан 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен шығу туралы шешім қабылдады