Қырғыздар бар ақшасын жинап, Қытай алдындағы қарызынан құтылмақ

15:45, 19 қазан 2020
345

Қырғызстанда мемлекеттің Қытайға қарызын өтеу үшін ақша жинау туралы ұсыныстар айтылды. Бұл туралы 19 қазанда Жогорку Кенеш депутаты, "Әйелдер кеңесі" қоғамдық бірлестігінің басшысы Айнұр Алтыбаева хабарлады, деп жазады centralasian.org.

"Бірлестік ақша жинамайды. Біз осы процестің басталуын ғана ұйымдастырамыз. Дайындық жүріп жатыр, мемлекеттік банктен есеп ашуға келісіп қойдық. Төлемдер сайтта көрсетіледі, бәрі әділ өтеді", - деді Алтыбаева.

Қыркүйекте Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И Қырғызстанда ресми сапармен болды. Қырғызстанның сол кездегі президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесуде Пекинге берешекті төлеу мерзімін созу мәселесі талқыланған.

Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, Қырғызстан сыртқа 4 млрд 169,6 млн доллар (320 млрд 39,21 млн сом) қарыз. Соның 1 млрд 776,29 млн доллары (42,6%) Қытайдың Эксимбанкінен несие ретінде алынған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!