Қырғыз елінде президенттік сайлау қашан өтетіндігі белгілі болды

11:21, 16 қазан 2020

Қырғыз Республикасының жаңа президентінің сайлауы шамамен 2021 жылдың 17 қаңтарында өтеді, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Қрығыз елінің Орталық сайлау комиссиясы, алдындағы сайлау нәтижесінің мойындалмауына байланысты парламенттік келесі сайлау 20 желтоқсанға жоспарланған.

Spuntik Қырғызстанның хабарлауынша, бүгін - 16 қазанда "Ала-Арча" мемлекеттік резиденциясында президенттің отставкасы туралы мәселені қарайтын Жоғарғы Кеңестің отырысы өтіп жатыр.

Кеше президент Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетуге шешім қабылдағанын мәлімдеді. Кейінірек, митингіге шыққандармен кездесуде премьер-министр Садыр Жапаров парламент төрағасы Қанат Исаевтың мемлекет басшысы қызметін атқарудан бас тартқанын айтты.

- Президент пен премьер-министрдің өкілеттіктері маған берілді, - деді үкімет басшысы.

Парламент осы екі мәселені де шешуі керек. Қазір Садыр Жапаровтың жақтастары Ескі алаңында митингке жиналған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!