Қырғыз елі муфтиятының басшылығы ҰҚК қызметкерлеріне пара бермек болған

14:36, 10 ақпан 2021
4539

Қырғыз елінің муфтият басшылығы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне 100 мың доллар көлемінде пара ұсынған. Осы даулы жайтқа байланысты қырғыз елінің Бас мүфтиі Мақсатбек қажы Тоқтомушев отставкаға кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Sputnik Қырғызстан агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасай отырып, мүфтият басшылығы қажылыққа барушылардың қажылық үшін берген садақасын өзге мақсатқа пайдаланып келген деген күдікке ілінгенін хабарлайды. Муфтият жеке қаржы институттарына 100 миллион сомнан астам қаражатты ірі несие ретінде берген және ай сайын одан пайыздық үстемақы алып отырған делінеді.

Осы қаржылық операцияларды анықтағаннан кейін мүфтият басшылығы ҰҚК қызметкерлеріне пара ұсынған. Ақша аударымы кезінде мұсылмандар діни басқармасының бас есепшісі ұсталды.

Аса ірі көлемдегі пара фактісі бойынша іс қозғалды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мүфти Мақсатбек қажы Токтомушев қызметінен кетті. Ол бұл қызметті 2014 жылдан бері атқарып келеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!