Құрбан айтқа мол дастархан жайғандарға айыппұл салынады

17:25, 20 тамыз 2018
579

Тәжікстанда мерекеге арнап жайылған дастарханның көлемі 1х1,5 метрден аспауы тиіс. Сондай-ақ, дастарханға жеміс-жидек, бірнеше мерекелік тағам және кептірілген жемістер қойылса жеткілікті. Бұл ережені бұзғандар 5 000 сом (535 доллар) көлемінде айыппұл төлейтін болады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Рейд барысында жайылған дастарханның халық қалтасына ауыр болмауы қадағаланады", — дейді комитет баспасөз қызметінің өкілі Афшин Муким.

Құрбан айт — ислам, зороастризім және будда діндерінің дәстүрлерін тоғыстыратын мұсылман әлемінің басты мерекелерінің бірі. Бұл күні ислам дінін ұстанушылар адамзатты жақындарына барынша мейірімді болуға шақырады.

Дәстүрге сай, мерекеде ер азаматтар мешітке барып намаз оқиды, кейін құрбандық шалады. Салт-жоралғының басты мақсаты қатыгездік емес, қайырымдылық. Адам өзіне еш ет қалдырмай, оның бәрін көршілеріне таратады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!