Күніне 100-ден аса адам көз жұмуда. Аргентинада коронавирус өршіп жатыр

14:47, 29 шілде 2020

Аргентинада коронавирус індеті ауыздықтауға келмей жатыр, деп хабарлайды "Хабар 24".

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бір тәулікте 120 адам көз жұмған. Осылайша, вирус құрбандарының саны 3 мыңнан асқан.

Ал ауруға шалдыққандардың жалпы саны 161 мыңға жуықтады. Қазір Буэнос-Айрестағы ауруханаларда бос төсек жоқ. Орын тапшылығы әсіресе жансақтау бөлімінде байқалады. Жағдайдың күрделілігіне байланысты дәрігерлер жергілікті биліктен көмек сұрап жатыр.

Арнальдо Дубин, дәрігер:

– Буэнос-Айрес қаласындағы ауруханалар науқастарды қабылдауға үлгермей жатыр. Жансақтау бөлімдері лық толы. Ал жекеменшік ауруханаларда орындардың 80 пайызы толды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!