Криштиану Роналду Евроның үздік бомбардирі атанды

09:58, 12 шілде 2021

© Сурет: видеодан алынды

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Еуропа чемпионатының үздік бомбардирі атанды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Чемпионат" басылымының хабарлауынша, футболшы турнирде бес гол салған. Чехиялық форвард Патрик Шик те осынша гол соқты, алайда, Роналду одан қосымша көрсеткіштер бойынша асып түсті. Португалиялық бір нәтижелі пас берген, ал чехиялық ассист жасаған емес. Сонымен қоса, Роналду алаңда азырақ уақыт өткізді (360 минут), ал Шик бұл голдарды салуға көбірек уақыт жұмсады (404).

Айта кетсек, Евро-2020 турнирінде Италия финалда Англияны ұтып, жеңімпаз атанды. Ал турнирдің үздік ойыншысы қақпашы Жанлуиджи Доннарумма болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!