Кремль Илон Масктың Путинге жолдаған үндеуіне жауап берді

17:59, 15 ақпан 2021

Америкалық миллиардер Илон Маск Ресей президенті Владимир Путинге орыс тілінде үндеу жолдады. Кремль бұл үндеуді қабыл алып, оған жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Twitter арқылы Илон Маск Кремльдің ресми аккаунтына жүгініп, үндеу жолдады.

Біріншіден, ол Ресей үкіметін танымал болып келе жатқан Clubhouse әлеуметтік желісіне қосылуға шақырды. Содан кейін ол орыс тілінде: "Сізбен сөйлесу үлкен мәртебе болар еді", - деп қосты.

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл ұсынысты бағалай отырып, Путиннің әлеуметтік желілерді пайдаланбайтынын және жеке парақшасын жүргізбейтінін айтты. Сондықтан ол "бұл мәселені алдымен реттеп алу керек" деп жазды.

Жалпы, бұл, әрине, өте қызықты ұсыныс, бірақ біз бұл арада ненің қандай мағынада айтылатынын, не ұсынылып жатқанын дұрыстап түсініп алуымыз керек, сондықтан алдымен біз мұның барлығын тексеріп, содан кейін оған жауап қайырамыз, - деді Песков.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!