Кремль Беларусь елінде ұсталған бір топ ресейліктерге қатысты түсінік берді

16:49, 30 шілде 2020
448

Кремль "террористік акт дайындады" деген күдікпен Минскіде ұсталған Ресей азаматтарының барлық құқықтары толық сақталады деп үміттенеді. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz "Известияға" сілтеме жасап.

Ол ресейлік тарапта бұл оқиғаға қатысты толыққанды мәлімет жоқ екенін айтты.

"Бұл ретте біз тек мынаны айта аламыз: Беларусь елінде Ресейдің 33 азаматы ұсталғанын, 200-дейі әлі іздестіріліп жатқанын білеміз. Ресейліктердің қандай да бір заңсыз әрекеттері туралы ақпарат жоқ. Соған қарамастан біз Минскінің ресми өкілдері тарапынан "ресейліктер сайлау қарсаңында Беларуссиядағы жағдайды тұрақсыздандыру жоспарына қатысы бар" деген ресми мәлімдемелер мен айыптауларды естіп, біліп отырмыз, одан басқа бізде мәлімет жоқ", - деді Кремль өкілі.

Песков Ресей елшісінің қазір әріптестерімен осы жағдайды талқылап жатқанын атап өтті.

- Біз жан-жақты ақпаратпен қамтамасыз етілеміз деп сенеміз, - деді РФ Президентінің баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, әзірге президенттердің қандай да бір тілдесулері жоспарланбаған.

Беларусь БАҚ-тары Минск маңында шетелдік жекеменшік әскери компанияның 32 қызметкері ұсталғанын хабарлады. Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің басшысы Валерий Вакульчиктің айтуынша, ұсталғандар - "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының қызметкерлері.

Бұл жайт Беларуссияға "сайлау науқаны кезінде жағдайды тұрақтандыру үшін" 200-ден астам адамның келуімен байланыстырылды. Ұсталған адамдарға қатысты террорстиік акт жасауға дайындық деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды.

Беларусь СІМ Минскідегі Ресей елшілігіне ресейлік азаматтардың тұтқындалғанынан құлағдар етті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!