"Көзіме шөп салды". Егде депутат жас әйелін атып тастады

15:26, 22 тамыз 2019
951

Ресейдің Челябинскі облысында бір депутат үш баласының көзінше әйелін атып тастады, деп хабарлайды Zakon.kz РЕН ТВ-ға сілтеме жасап.

50 жастағы ер адам өз кінәсін мойнына алған.

21 тамызда Челябинскі облысы Локомотив қалалық округінің депутаты әрі жергілікті аурухананың бас дәрігері Азат Зарипов әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды.

Алдын ала келтірілген деректерге сүйенсек, депутат балық аулап кешке үйіне оралған. Сол кезде әйелі екеуі сөзге келіп, ұрсысып қалады. Ұрсыс кезінде әйелі оның көзіне шөп салғанын айтқан. Мұны естіп, қаны басына тепкен депутат аңға алып шығып жүрген мылтығын алып, үш баласының көзінше әйелін атып тастаған. Одан кейін өзі жедел жәрдем көлігі мен полицияны шақырған. Еленаны ауруханаға жеткізгенімен, ол көп ұзамай көз жұмған.

Зарипов ұсталды, оның үстінен "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жергілікті басылымдарға сұқбат берген марқұм әйелдің құрбысы Еленаның сыртта жүріс жасамағанын, мұны күйеуін ашуландыру үшін әдейі айта салуы мүмкін екенін айтыпты.

Оқи отырыңыз: "Тыр жалаңаш қой". Мәдина Сәдуақасова елдің сөзіне қалды

Өңірдегі бала құқығы жөніндегі уәкіл Ирина Буторина қазір Зариповтың балалары әжесімен бірге екенін, әжесі немерелерін өз қамқорлығына алу үшін құжаттарды жинауға кірісіп кеткенін айтты.


Источник: zakon.kz


Пікір