Қос Корея басшылары үшінші кездесудің уақытын белгіледі

11:22, 6 қыркүйек 2018

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин 18-20 қыркүйекте Солтүстік Кореяда өтетін саммитке қатысып, Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынмен кездеседі. Бұл туралы Пхеньянға сапарынан кейін Сеулде брифинг өткізген президенттің арнайы елшісі Мун Чон Ый Ён мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рёнхапқа сілтеме жасап.

Чонның айтуынша, Корея Республикасы мен КХДР Пхеньянда үшінші саммитті өткізуге, сондай-ақ келесі аптаның басында аталмыш саммит туралы талқылау үшін жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізуге келіскен.

Мун Чжэ Ин мен Ким Чен Ын алғаш рет 27 сәуірде Панмунджом ауылында кездескен еді. Ал екінші мәрте 26 мамырда жүздесті.

Чонның мәлімдеуінше, алдағы саммитте екі ел басшыларының Панмунджомдағы бірінші кездесуінде қол жеткізілген жоғары деңгейдегі кореяаралық келісімдердің жүзеге асырылу барысы қаралады.

Баспасөз мәслихатында атап өтілгендей, Солтүстік Корея көшбасшысы Корея түбегін толықтай ядролық қарусыздандыруға ұстамдылығын растап, Оңтүстік Кореямен ғана емес, сондай-ақ Құрама Штаттармен тығыз ынтымақтастық жасауға дайын екендігін жеткізген.

Мемлекет басшылары саммит барысында, сондай-ақ Сеул мен Пхеньян арасындағы әскери шиеленісті одан әрі төмендету жолдарын талқыламақ.

«Екі ел өзара сенімді нығайтудың нақты жолдары мен қарулы қақтығыстардың алдын алуды талқылауға келісті», - деді Чон.

Осы мақсатта тараптар үшінші саммит басталғанға дейін Кэсон қаласында бірлескен байланыс бөлімдерін ашуға уағдаласқан.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!