Короновирус жұқтырғанда иіс-дәм сезбей қалу жағдайы қанша уақытқа созылады

12:07, 8 қыркүйек 2021

© Сурет: pixabay.com

Коронавирус инфекциясын жұқтыру кезінде иіс пен дәм сезу қабілетінің бұзылуы орташа есеппен қанша уақытқа созылатынын Роспотребнадзордың орталық эпидемиология ғылыми-зерттеу институты директорының клиникалық-аналитикалық жұмыстар жөніндегі орынбасары Наталья Пшеничная айтып берді, - деп хабарлайды zakon.kz.

Иіс пен дәм сезу қабілетінің бұзылуы (COVID -19 - ред.) шамамен сегіз күнге созылады. Бұл белгілер еркектерге қарағанда әйелдерде жиі кездеседі, - деді маман РИА Новостиге берген сұқбатында.

Оның айтуынша, иісті сезбей қалу COVID -19 әсерінен ғана емес, басқа да жедел респираторлық вирустық инфекциялармен байланысты болуы мүмкін. Мұндай жағдай науқастардың 20%-да ғана кездеседі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!