Коронавирустан емделген Қытай қызы: Бойыңызды үрейге алдырмаңыз!

11:24, 31 қаңтар 2020
877

Күн сайын әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары коронавирусты жұқтырғандардың саны туралы ақпарат беріп жатыр. Вирус бүкіл әлемге етек жая бастады. Гонконг, Макао, Тайвань, Тайланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Австралия, Малайзия, Германия және Финляндияда коронавирус инфекциялары анықталды. Дегенмен қорқынышты хабармен қатар, көңіл қуантатын мәліметтер де арасында кездеседі. Осы вирустық пневмониядан айыққан қытайлық әйел баспасөзге өз оқиғасымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz inosmi.ru сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, 15 қаңтарда ол Қытайдың Жаңа жылын атап өту үшін Чунцине жолға шығады.

- Күйеуім уездің теміржол вокзалында мені күтіп алды, ол өзімді нашар сезініп тұрғанымды байқап, дереу жергілікті халық ауруханасына апарды. Бірнеше күнгі ем оң нәтижесін бермеді. 21 қаңтарда мені Ваньчжоу ауданының "Санься" орталық ауруханасына ауыстырып, оқшауланған бөлімге орналастырды және коронавирустың жаңа түріне байланысты пневмония диагнозы қойылды, - дейді ол.

Ол Чунциндегі осы дертке шалдыққан алғашқы науқас болған, дәрігерлер мен медбикелер де оған ерекше көңіл бөліп, қолдарыннан келгенннің бәрін жасаған.

- Күн сайын мені зарарсыздандыру үшін дәрілер септі үстіме, вирусқа және инфекцияға қарсы ем жүргізді, дәрігерлер тіпті дәстүрлі қытай медицинасының да әдістерін қолданды. Соңғы күндері аурудың барлық белгілер жойылып, жағдайым жақсарды. Дәрігерлер енді үйіме босап шығуыма болатынын айтты. Аурухана мені емдегені үшін ақы алмады. Олар менен "қалай болдың, қорқынышты ма екен бұл дерт" деп сұрады. Менің ойымша, ең бастысы – бойыңызды үрейге бой алдырмай, мүмкіндігінше жақсы қорғану, бәрінен бұрын ауырып ем іздегенше, сақтанған дұрыс қой: ол үшін үнемі бетперде киіп, қолыңызды жиі жуып отырсаңыз болғаны. Егер ыстығың көтеріліп, жөтел қысса және басқа да белгілер қылаң берсе, дереу ауруханаға бару керек. "Оқшаулап тастайды" деп қорқудың қажеті жоқ, керісінше жақсы көңіл-күйді сақтап, дәрігерлерді тыңдап, солардың айтқанын істесеңіз, онда міндетті түрде сауығып кетесіз, - дейді қыз.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, әлемде қазірдің өзінде бұл дертке 7 834 адам шалдыққан. ДДҰ коронавирус індетін әлем бойынша төтенше жағдай деп жариялады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!