Коронавирусқа тексерілген Игорь Николаевтың тест нәтижесі шықты

12:36, 30 наурыз 2020

Әнші әрі композитор Игорь Николаевтың коронавирусқа өткізген тест нәтижесі шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол теріс нәтиже берген. Бұл туралы ресейлік әншінің өзі Instagram-дағы парақшасында жазды.

"COVID-19 нәтижесі: "ТЕРІС"! Маған қолдау білдіріп, алаңдаушылық танытқан достарыма және әріптестеріме шын жүректен ризашылығымды білдіремін! Бәрі дұрыс болатынына сеніп, жақсылық тілеген ізгі ниеттеріңіз үшін барлықтарыңызға рақмет! Кәсібилік, оптимизм және шынайы еңбегі үшін Коммунарка ұжымына да рақмет! Отбасыма да махаббаты, жақсылыққа артқан сенімі мен үміті үшін рақмет!" деп жазды ол.

Бұған дейін әнші Мәскеудегі Коммунарка ауруханасына жеткізілгені хабарланған, ал онда коронавирусқа күдікке алынған науқастар жатады. Алдында композитор Игорь Крутойдың қарындасының тойына барған еді, онда ол кейіннен коронавирус анықталған ресейлік әнші Лев Лещенко да болған. Бұл думанда әнші Димаш Құдайберген, тіпті Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та болғаны айтылады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!