Коронавирус: ЮНЕСКО барлық елдерді қашықтықтан оқытуға көшуге шақырды
ЮНЕСКО-ның Париж қаласындағы штаб-пәтерінде кеше, 10 наурызда білім министрлерінің шұғыл кеңесі болып өтті. Олар орын алған жағдайды, қашықтықтан оқыту бағдарламаларын енгізу мәселелерін ортаға салды, деп хабарлады ҚазАқпарат "БҰҰ жаңалықтарына" сілтеме жасап.
Бұдан бір айға жуық уақыт бұрын Қытай мектептерін жабуды мақұлдаған жалғыз ел болған. Содан кейін COVID-19 коронавирусының алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатымен мұндай шараны тағы 29 ел қолданды. Бүгінде вирус салдарынан бүкіл әлем бойынша әрбір бесінші оқушы – 369 млн бала мен жасөспірім мектепке бару мүмкіндігінен айырылып отыр.
Кездесу барысында түрлі елдердің өкілдері мектептер жабылған жағдайда қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті. Бүгінде көптеген елдер коронавирусқа байланысты қашықтықтан оқыту тәжірибесін сәтті түрде жүзеге асыруда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 3 қараша 2022
«Барыс» ҚХЛ аясындағы ойындарда 14-ші жеңілісін тіркеді
-
21:55, 3 қараша 2022
Илон Маск G20 саммитіне қатысады
-
18:50, 3 қараша 2022
Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды
-
14:06, 1 қаңтар 2022
Ким Чен Ын: 2022 жыл – «Өліммен күрес» жылы
-
10:24, 18 желтоқсан 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен шығу туралы шешім қабылдады