Коронавирус қанша уақыттан кейін қайта жұғуы мүмкін - маман жауабы

10:57, 5 қазан 2020

Ресейлік ғалым коронавирус инфекциясын қайтадан қанша уақыттан кейін жұқтыру мүмкін екені туралы өз пікірін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Вирусолог Александр Чепурнов коронавирусқа қарсы қалыптасқан иммунитет алты айға дейін сақталуы мүмкін екенін айтты.

Ғалым коронавирусты жұқтырғаннан кейін 3-4 айдан кейін антиденелер санының азайғаны байқалғанын айтады. Ал 6 айдан кейін жасушалық иммунитет коронавирустық антигенге жауап беруді тоқтатады.

Сондықтан КВИ-ге қарсы иммунитеттің күші алты айға дейін сақталады деп бағалаймын. Қазір біз дәл осындайды бақылауға алған науқастан байқап отырмыз. Бір ай бұрын иммунограммасы керемет науқас ауруды жұқтырудың бірінші жағдайынан соң алты ай өткенде инфекцияны қайта жұқтырған, - деді ол Ura.ru-ға.

Вирусолог сәуір және мамыр айларында ауырған адамдар енді қайтадан КВИ жұқтыруы мүмкін деп санайды.

Антиденелерге қарамастан, дәрігерлер КВИ-ге қайта шалдықпас үшін маска киюге кеңес береді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!