Коронавирус індетінің басталғанына - екі жыл

19:52, 18 қараша 2021

© Сурет: pixabay.com

Коронавирус инфекциясын алғашқы жұқтыру оқиғасынан бастап екі жыл өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2019 жылдың дәл осы күні Қытайдың Хубэй провинциясында алғашқы вирус тіркелген. Осы уақыт аралығында аты жаман ауру әлемнің 4 миллиард халқына жұғып, 5 миллион адамның өмірін жалмады. Алайда, ковидтің қауіптілігіне сенбейтін және вакцинацияға қарсы адамдар да бар. Мәселен, Чехияда кеше түнде вакцина алмағандарға, локдаун енгізуге қарсылық білдіргендер наразылық акциясын ұйымдастырды. Билік мұндай қадамға елде ауырғандар саны күрт өскеннен кейін барған.

Ал Американың Пенсильвания қаласындағы зертхана қызметкері бүкіл елді жаңа індеттен құтқарған болуы мүмкін. Вакциналарды зерттейтін орталықта препаратты жасауға арналған компоненттердің ішінен мұздатылған шешек түтіктерін тапты. Бұл іске қатысты ФБР тексеріс жүргізіп жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!