Компьютердің қателігінен 20 студент өзіне өзі қол қалды

09:12, 30 сәуір 2019
429

Үндістанның Телингана штатында емтиханнан нашар баға алған ондаған студент өзіне өзі қол салды, деп хабарлайды Lenta.ru.

Ақпан мен наурызда миллионға жуық адам емтихан тапсырған. Оның 350 мыңға жуығы өте төмен баға алды. Емтиханнан "құлап" қалған 20 студент өзіне өзі қол салып қайтыс болған. Кей деректер бойынша көз жұмған студенттер одан да көп: Daily Mail 21 суицид жасалғаны туралы хабарлайды.

Қайтыс болған студенттердің әке-шешелері төмен бағалардың тым көбейіп кеткеніне тест жауаптарын өңдейтін компьютерлік бағдарлама кінәлі деп айып тақты. Халық көшеге шығып, наразылық білдірген соң билік бағасы төмен тест жауаптарын қайта тексеруге мәжбүр болған. Қайта тексеруге жазылған 50 мың студент бұл жолы жеткілікті балл жинай алды, бірақ бәрібір бағалауға көңілі толмайтынын айтып отыр.

Калвакунтла штаты үкіметінің басшысы Чандрашекхар Рао студенттерді асығыс қадам жасамауға шақырды.

– Емтихандағы сәтсіздік ары қарай өмір жоқ дегенді білдірмейді. Бұл жарық дүниеге баға жетпейді. Емтиханнан құлап қалсаңдар да, өмірде әлі талай мүмкіндік болады, – деді ол студенттерге.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!