«Көмектесіңіздерші!». Интернет-дүкеннен сатып алынған аяқ-киім ішінен ұйғырдың хаты шықты

16:52, 18 қараша 2020

Санкт-Петербург қаласының тұрғыны Арслан Гибадуллин Интернет арқылы тапсырыспен алынған The North Face брендіндегі кедадан Қытайдағы тұтқын ұйғырдың көмек сұраған хатын тауып алған, деп хабарлайды zakon.kz.

Арслан "Траектория" интернет-дүкеніне кроссовкаға тапсырыс берңп, оны 12 қарашада логистикалық компанияның қоймасынан барып алғанын айтады. Кеда пошта пакетінде болған, хат-стикер оң жақ кроссовканың жоғарғы жағына жабыстырылған, деп жазады "Бумага".

Онда "Көмектесіңіздерші. Мен Қытайда түрмеде отырмын. Көмектесіңізші. Ұйғыр" деп жазылған.
Интернет-дүкенде Гибадуллинге тапсырыс қорапта немесе пакетте ораулы келеді деп айтылған. Логистикалық компания да осылай дейді. Санкт-Петербург қаласының тұрғыны бұл әзіл болсын-болмасын, оның шындығына жету үшін бұл жайтты көпшілікке жария етуді жөн көрген.

Бастапқыда, The North Face компаниясы оны "спам" деп түсіндірген. Бірақ содан кейін интернеттен бұл түсініктеме жойылды. Кейінірек компания өз қызметтерінде адамдарды мәжбүрлі еңбекке салмайтындарын мәлімдеді, бірақ соған қарамастан ішкі тергеу басталған.

Біздің кез-келген өнім өндірісінде мәжбүрлі еңбек күшін қолданбаймыз және сіз сатып алған аяқ-киім өндірісінде түрмеде отырғандар жұмыс істемейді деп сендіреміз... ... Ұсынылған фотосуреттердегі аяқ-киім ешқашан Қытайда болған емес, - дейді The North Face компаниясының аймақтық өкілдігінің менеджері Инна Рубанова. (Ағылшын тілінен аударылған)

Рубанова Арслан сатып алған аяқ-киімнің Вьетнамда жасалғанын және тікелей компанияның Бельгиядағы зауытынан алдыртылып, содан кейін Ресейдегі дистрибьютерлік орталыққа жіберілгенін, сол жерден кроссовкалар "Траектория" интернет-дүкеніне жеткенін айтты.

Арслан аяқ-киімді, қаптаманың түпнұсқасын, ақшасы төленгені туралы түбіртектерді және стикер-хатты The North Face компаниясына жолдады. Олар кроссовканы жаңасына ауыстыруға уәде берді. Сонымен бірге, "Бумага" 5 қарашада Ұлыбритания парламентінде ірі компаниялардың Шыңжаңдағы ұйғыр мұсылмандарының мәжбүрлі еңбек күші ретінде тартылғаны немесе тартылмағанын анықтайтын тыңдаулар өткенін жазады.

The North Face, Adidas, Amazon, Boohoo, H&M, IKEA, Nike, Puma және басқалары сияқты брендтерден осы ретте өз кінәлері жоқтығын дәлелдеу сұралды. Өйткені әлемде сатылатын құрамында мақта матасы бар бес заттың бірінде Шыңжаңда әзірленетін материалдар бар.

2017 жылдан 2020 жылға дейін әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары мен құқық қорғаушылар Қытай билігінің ұйғырларды қуғын-сүргінге ұшырағаны туралы жаппай жазып жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!