Колумбиялық қария коронавирусқа қарсы жеті вакцина салғызды

14:44, 26 тамыз 2021

© Сурет: pixabay.com

Sinovac, AztraZeneca, Pfizer, Janssen секілді түрлі компаниялардың вакциналарын салдырған колумбиялық азамат түк болмағандай жүр, деп хабарлайды zakon.kz.

РИА Новости жазғандай, оның бойынан ешқандай теріс белгілер байқалмапты.

Қаланың әр жеріндегі вакциналау орталықтарынан 7 рет екпе алған азаматты таптық. Ол 60 жастағы Кали тұрғыны екен. Ол ақыл-есі кем, психологиялық ауруы бар адам сияқты, деді Денсаулық сақтау министрлігінің Кали қаласындағы өкілі Миерланди Торрес.

Миерланди Торрес осы оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары басталғанын айтты.

Мұндай жағдайлар қайталанбауы үшін ел билігі екпе алуға келісім беретін арнайы бланктер әзірлеуде. Енді вакцина алу үшін тұрғындар сол бланкті қағаз жүзінде орталыққа әкеліп, екпеден соң қол қойылған құжатпен шығады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!