Колумбиядағы лаңкестікке қатысты 8 адам қамауға алынды

15:31, 25 маусым 2017

Колумбияда сауда орталығындағы лаңкестікке қатысты 8 адам қамауға алынды. Олардың төртеуі – әйел.

Алдын ала мәлімет бойынша, тұтқындалғандардың барлығы да «Халықтық революцияшыл қозғалыс» атты радикалдық ұйым мүшелері болуы мүмкін. Негізі оқыс оқиға өткен аптада ел астанасында болған. Ол кезде сауда оратлығындағы жарылыстан 3 әйел көз жұмған еді.

Марқұмдар арасында Франция азаматшасы бар. Тағы 9 тұрғын жарақат алып, ауруханаға түскен. Жергілікті билік оқиғаны лаңкестік әрекет деп таныды. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!