Колумбияда лай көшкінінен 19 адам қаза тапты

13:29, 20 сәуір 2017

Колумбияның Манисалес қаласында лай көшкіні жүріп, 19 адам қаза тапты.

Тағы 6 тұрғын хабар-ошарсыз кеткен. Билік шаһарда қауіптіліктің ең жоғары деңгейін жариялады. Өйткені 75 үй жермен-жексен болған. 400 отбасы шұғыл көшіріліп, уақытша орталықтарға қоныстанды. Ел президенті шұғыл түрде апатты аймаққа аттанып, құтқару операциясына өзі жетекшілік етіп жатыр. Табиғи апатқа толас таппай жауған нөсер себеп болды. Негізі жауын-шашын кесірінен бұған дейін Колумбияның Мокоа қаласында да осындай оқиға болған еді. 1 сәуірге қараған түні мұнда лай көшкіні жүріп, 300-ден астам адам көз жұмды. 

Жергілікті тұрғын: 

- Елдің зәре-құтын қашырған тосын дауысты естіген жұрт жапа-тармағай жан-жаққа қаша бастады. Мен көмекке шақырып жатқан ер адамды байқап қалдым. Оған көп адам көмектесуге тырысты. Алайда әп-сәтте қара су оны шайып кетті. Өкінішке қарай, ешқайсымыз да жәрдемдесе алмадық.

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!