Қолтырауын өзінен қашқан қызды ағаштың түбінде аңдып, түсірмей отырды

16:18, 4 шілде 2018

Қолтырауын өзінен қашқан қызды ағаштың түбінде аңдып, түсірмей отырды. Бұл туралы UPI хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

15 жастағы Джордан Бродерик ата-анасымен Окала қорығында демалып жүрген. Жасөспірім ойнап жүрген кезде оған қолтырауын шабуыл жасаған. Қыз өзіне қарай жүгіріп келе жатқан қолтырауынды көре сала судың бетінде тұрған бұтаққа жармасып, ағаштың үстіне шығып үлгерген. Ал, қызды қуған жыртқыш ағаштың түбін торауылдап, оны күтіп отырды.

Джорданның ата-анасы не болғанын көрсе де, өкінішке орай оған көмектесе алмады. Нәтижесінде, анасы құтқару қызметіне телефон шалып, көмек шақырды.

«Менің қызым ағаштан түсе алмай отыр. Қызымның айналасында қолтырауындар өріп жүр, ал біз оны ол жерден түсіре алмай отырмыз», – деді ол телефонда.

Жарты сағат өткеннен кейін су қоймасына мылтық ұстап қаруланған шериф көмекшісі келіп, қолтырауынды атып өлтірді. Осылайша, ағашта отырған жасөспірім қолтырауын өлгеннен кейін ғана жерге түсті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!