Кинотеатр әжетханасында 13 жастағы қызды зорлап кетті

12:52, 6 тамыз 2018
605

Бішкекте 2016 жылы 20 жастағы жігіт 13-тегі қызды кинотеатрда зорлап кеткен. Бұл туралы енді ғана белгілі боп отыр. Бірақ тергеушілер бұл істі жылы жауып тастаған деп хабарлайды адвокат Арман Қайғыров. Бұл туралы Sn.kz жазады.

Оқиға болған жылы жәбірленуші 13 жаста болған.

«Оқушы қыз Ыстық көлге демалысқа барған. Сосын қайтарда олар Бішкекте жиналып, кинотеатрға кіреді. Демалыс орнының тәрбиешісі қызды әжетханаға шақырып, сексуалдық іс-әрекеттер жасайды. Сосын қызды «бұл жайлы ешкімге айтпа» деп қорқытады», - дейді Қайғыров.

Анасы бұл жайлы 2018 жылдың наурызында білген. Ести салысымен олар дереу полиция бөлімшесіне барған. Адвокаттың айтуынша, Бішкектегі 1 май аудандық ішкі істер басқармасы істі жылы жауып тастап отыр.

«Полицейлер неге істі жауып тастағанын түсінбедім. Сараптама қорытындысы бар. Қыздың жалған сөйлеуі мүмкін емес. Милиция ештеңе істемей отыр. Тіпті күдіктіні де босатып жіберді», - дейді адвокат Қайғыров.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!