Ким Чен Ын Трампты араздықты тоқтатуға көндіргенін айтты

15:16, 13 маусым 2018
328

Солтүстік Кореяның баспасөз басылымы КХДР-дың көшбасшысы АҚШ президентімен келіссөздер жүргізгенін жазды, деп хабарлайды Baq.kz.

КХДР-дың көшбасшысы Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трамппен келіссөз барысында екі тарап та әскери араздық әрекеттерді тоқтату керек екенін айтты және америкалық президент бұл ұсыныспен келісті.

«Құрметті бас қолбасшымыз бейбітшілік пен тұрақтылық болу үшін екі тарап та әскери дұшпандық әрекеттерді тоқтату керектігін айтты. АҚШ президенті бұған түсіністікпен қарады және АҚШ пен Оңтүстік Кореямен бірігіп жасайтын әскери оқуды тоқтатуға ниетті екенін айтты», - делінген хабарламада.

Ким Чен Ын АҚШ пен КХДР аймақтық тұрақтылықты сақтау мақсатында жүйелік шаралар қабылдау керек екенін, сондай-ақ Корей түбегін ядролық қарусыздандыру туралы сөз қозғады.

«Келісімге келу үшін, тұрақтылық болу үшін және Корей түбегін ядролық қарусыздандыру үшін екі жақ тарап та бір-біріне түсіністікпен қарап, өшпенділікті өршітпей, оның кепілі ретінде жүйелік және заңдық шаралар қабылдау керек», - дейді Ким Чен Ын.

Сингапурда екі елдің көшбасшылары кездескені туралы бұған дейін де жазылған. Ол кездесуде екі тарап негізгі төрт пунктен тұратын келісімге келген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!