Ким Чен Ын Оңтүстік Кореямен келіссөздер жүргізуге келісті

12:47, 3 қаңтар 2018

Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын Оңтүстік қарусыздандырылған Пханмунджом аймағындағы арнайы байланыс арқылы Оңтүстік Кореямен жоғары деңгейде келіссөздер жүргізуге келісті, деп хабарлайды Baq.kz.

«Рёнхап» агенттігінің хабарлауынша, қос мемлекет арасындағы келіссөздер Астана уақытымен 12:30-да басталады. Тараптар Пхёнчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарына Корея Халық Демократиялық Республикасы құрамасының қатысу мәселесін талқылауы мүмкін.

Айта кетейік, осыған дейін Пхеньян Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан шаһарында өтетін Олимпиада ойындарына делегация жіберу бастамасын көтерген. Осыдан кейін Оңтүстік Корея КХДР-ға жоғары деңгейде келіссөздер жүргізуге ұсыныс жолдады. Сондай-ақ, Корея Республикасының президенті Мун Чжэ Ин Солтүстік Кореяның бастамасына оң баға берді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!