Кешегі масқарадан кейін Роналду жанкүйерлеріне үндеу жариялады

13:35, 25 қазан 2021

© Сурет: instagram/cristiano

"Манчестер Юнайтедтің" португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду командасы "Ливерпульден" 0:5 есебімен оңбай жеңілгеннен кейін жанкүйерлеріне үндеу жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Кейде нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Кейде таблодағы есеп біз қалағандай емес болады. Жеңіліс үшін біз жауаптымыз, кінәлайтын басқа ешкім жоқ. Біздің жанкүйерлер сонда да керемет болды, бізді бәрібір қолдады. Олар әлдеқайда жақсы нәтижелерге лайық және біз оларға сондай нәтиже көрсету үшін жұмыс істеуіміз керек. Уақыт келді! - деп жазды Роналду Instagram-да.

Роналду әлгі ойында екі рет көзге түсті. Алдымен бірінші таймда өрескел ойыны үшін сары қағаз алды. Екінші таймда гол соқты, бірақ төреші VAR-ға үңілгеннен кейін оның добын санамай қойды.

Бақытжан Отарбаева


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!