Кеше түнде ОПЕК+ қатысушылары ортақ келісімге келе алмады

09:44, 10 сәуір 2020
1584

Кеше түнде ОПЕК+ қатысушылары мұнай бойынша ортақ келісімге келе алмады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ресей тарапы да, Сауд Арабия да өндіріс көлемін қысқартуға алдын-ала келісімін бергенімен, Мексика тарапы қырсығып тұрып алды. Олар өз өндірісін тәулігіне 400 мың баррельге дейін қысқартуға көнбеді.

Келіссөздер жүріп жатқан кезде мұнай бағасы барреліне 35 долларға дейін көтерілді, ал келіссөздер аяқталған соң - 31 долларға дейін күрт құлады.

Келіссөздер бүгін тағы жалғасады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!