Кемеден құлап кеткен ер адам 1 тәулік бойы мұхитта жүзіп, таңғажайып жағдайда аман қалды

17:21, 3 шілде 2018

Norwegian Cruise Line круиздік лайнерлік компаниясының кемеден құлап кеткен қызметкерін бір тәуліктен кейін Carnival Cruise Line компаниясының қызметкерлері ашық мұхиттан тауып алды. Бұл туралы Miami Herald хабарлады, депп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Норвегия кемесінің экипаж мүшелері түнде 33 жастағы әріптестерінің кемеден құлап кеткенін байқап, құтқару қызметіне хабарласып көмек сұраған. Он минуттың ішінде келген іздестіру ұшағының өзі суға құлап кеткен ер адамды таба алмады.

Тек 22 сағат өткеннен кейін ғана оны Carnival Cruise Line компаниясының қызметкерлері Куба жағалауынан байқап қалған. Суға кеткен қызметкерді тауып алған Glory кемесінің жолсерігі ашық мұхитта жүзіп жүрген ер адамды көріп, оның денсаулығының мықтылығына таңғалған.

«Бұл ғажайып нәрсе! Теңізшіні құтқарып қалған Glory кемесінің командасына үлкен алғыс, зор құрмет», – деді Карнавал круиздік желісінің президенті Кристина Даффи.

«Біз қызметкеріміздің аман-есен табылып, жақын арада отбасымен қауышатынына қуаныштымыз. Сондай-ақ, біздің қызметкерді құтқарып қалған Carnival Cruise Line компаниясына үлкен ризашылығымызды білдіреміз», – деді Норвегия круиздік желісінің өкілі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!