Кеденде жұмыс істейтін бастықтың үйінен 311 мың доллар табылды

14:58, 9 қараша 2020

Өзбекстанда "Арк-Бұлақ" кеден бекеті басшысының үйін тінту кезінде пара ретінде алынған 311 000 доллар табылды.

Бұл туралы бас прокурор Нигматилла Юлдашев жемқорлықпен күреске арналған жиналыста мәлімдеген.

Бас прокурордың айтуынша, "Арк-Бұлақ" кеден бекетінде қызметкерлер елге әкелінетін тауарға салықты азайтып, оның орнына пара алып отырған. Соның салдарынан мемлекет шамамен 9 млрд сум (шамамен $870 мың) шығынға ұшыраған.

Тергеу барысында кеден бекеті басшысының үйінде тінту жүргізіліп, 311 мың доллар табылды. Тергеушілер бұл ақшаны ол пара ретінде алған деп есептейді.

Тергеу мәліметі бойынша, кеден бекетінің басшысы Бостандық ауданында үй салып, "Ташкент-Сити" тұрғын үй кешенінен екі пәтер және Captiva автокөлігін сатып алған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!