Қазан айында бірнеше күнге созылатын магнитті дауыл тұрады

10:54, 9 қазан 2020
510

РФ Ғылым академиясы Физикалық институтының Күн рентген астрономиясы зертханасының ғалымдары қазанның екінші онкүндігінде бес күн бойына магниттік дауыл болады деп болжайды, ол 25 қазаннан бастап күшейеді, деп хабарлайды zakon.kz.

РИА Новости атап өткендей, G1 класындағы магниттік дауыл 21 қазанда басталып, 24-іне дейін дейін созылып, орташа G2 класындағы дауылға айналады. Осыдан кейін Жердің магнитосферасы тағы үш күн соққыға қарсы тұрып, тек 29-да қалыпты жағдайға келеді.

Магниттік дауылдарды жіктеуде бес деңгей бар: G1-ден G5-ке дейін. Әлсіз дауыл энергетикалық жүйелердің жұмысында ұсақ ақаулар тудыруы мүмкін, сонымен қатар құстар мен жануарлардың көші-қон жолдарына әсер етуі мүмкін деп саналады.

Күшті дауылдар қысқа толқынды байланыс пен навигациялық жүйелердің жұмысына, сондай-ақ өндірістік желілердегі электр қуатының үзілуіне әкеліп соғады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!