«Қазақтар секілді...». Бішкектің атауын өзгерту ұсынылды

14:41, 4 қараша 2019

4 қарашада Тұрдақын Үсібалиевтің 100 жылдығына арналған шарада Қырғызстанның еңбек сіңірген құрылысшысы Асан Дәулетов Бішкекті осы кісінің құрметіне атауды ұсынды, деп хабарлайды АКИpress.

Құрылысшы Үсібалиевтің 100 жылдығына арналған іс-шаралар неге осындай кішігірім залда өткізілетініне миы жетпейтінін айтты. Оның айтуынша, мұндай іс-шара Қырғызстанның барлық бөлігінде дүркіреп өтуі тиіс.

 

- Қазір мұнда үкіметтен кім бар? Ешкім жоқ. Неліктен Тұрдақын Үсібалиев сияқты тұлғаның мерейтойы мемлекеттік деңгейде өткізілмейді? Үсібалиевтің есімін қандай да бір көшеге берудің қажеті жоқ, оның орнына астанамызға бұл атауды неге бермеске? - деді ол.

 

Дәулетов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертілген Астана қаласын мысалға келтірді.

Дәулетов бұл бастаманы кім қолдайды деп сұрағанда залдағылар дүр сілкініп, ду қол шапалақтады.

4 қараша күні Т.Сатылғанов атындағы Ұлттық филармонияда мемлекет қайраткері Тұрдақын Үсібалиевтің 100 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. 6 қарашада Үсібалиев 100 жасқа толар еді.

Тұрдақын Үсібалиев - кеңестік заманғы мемлекеттік және партия жетекшісі, 1961-1985 жылдар аралығында Қырғыз КСР Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болған, Қырғыз Республикасының Батыры (1999).

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!