Катар 2022 әлем чемпионатына қатысатын 13 мемлекет белгілі болды

12:45, 17 қараша 2021

© Сурет: instagram/fifaworldcup

16 қарашада Еуропа аймағында футболдан 2022 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің қорытынды матчтары аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Голландия құрамасы әлем чемпионатына тікелей жолдама алды. Іріктеу кезеңінің соңғы матчында голландиялық футболшылар Норвегиядан басым түсті, есеп – 2:0.

13 құрама анықталды, олар алдағы жылы футболдан әлем чемпионатында өнер көрсетеді.

Мундиальді өткізуші ел Катардан бөлек, бұлар Германия, Дания, Бразилия, Аргентина, Бельгия, Франция, Хорватия, Испания, Сербия, Англия, Швейцария және Голландия командалары.

2022 жылғы Әлем чемпионаты 21 қараша мен 19 желтоқсан аралығында Катарда өтеді.

Бақытжан Отарбаева


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!