Каталонияда өзін-өзі басқару жүйесі тоқтатылады

14:00, 20 қазан 2017
435

Испания билігі 21 қазанда Каталонияны өзін-өзі басқару құқығынан айыру үдерісін бастамақ.

Шара Каталония басшысының хатына жауап ретінде қабылданып отыр. Бұған дейін Карлес Пучдемон Мадрид тарапы келіссөзге келмесе, өңірлік парламент тәуелсіздік жөнінде ресми дауыс беруі мүмкін екенін жеткізген еді. Ресми Мадрид өз кезегінде аймаққа 155 бабы қолданылатынын мәлімдеді. Еске салсақ, референдум нәтижесі бойынша, Карлес Пучдемон тәуелсіздік декларациясына қол қойған болатын. Дегенмен егемендікті ресми түрде жариялауды кейінге қалдырды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!