Карелияда жерге құлаған метеорит камераға түсіп қалды

16:15, 21 ақпан 2020

Карелияның Сегежский ауданында далада орнатылған камераға құлаған метеорит түсіп қалды, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Метеорит үлкен жылдамдықпен елдімекеннің үстімен ұшты. Сосын жарқ ете қалды.

Бұл құбылыс жергілікті уақытпен 04:35-те болып, алты секундқа созылды. Куәгерлердің айтуынша, болид жерге құлаған соң жарылыс сияқты қатты дыбыс естілді.

Видео: компания "Ситилинк"


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!