Карантинге қарсы шыққан ер адам коронавирус жұқтырып, қайтыс болды

17:48, 22 сәуір 2020

АҚШ-тың Огайо штатының Мэрион округінің тұрғыны коронавирус жұқтырып, салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz Daily News-ке сілтеме жасап.

Джон Макдэниел - карантинге қарсылық көрсетіп, губернатордың адамдардың өз- өзін оқшаулау туралы шешімін сынға алған америкалықтың бірі.

Губернатор Деуайн барлық барлар мен мейрамханаларды жабуды бұйырды, бұл барып тұрған бассыздық. Оның қолында билік жоқ. Егер ауру жұқтырудан қорқатын паранойктер болса, солар-ақ үйде отыра берсін, соларға рұқсат етіңіз. Олар өз өмірлерін өз қалауымен өткізетін адамдарға кедергі жасамауы керек. Бұл бассыздыққа тоқтау болу керек, - деп жазған еді алдында марқұм әлеуметтік желілерде.

Дәрігерлер ер адамның COVID-19 вирусы салдарынан ауруы асқынып, қайтыс болғанын айтты.

Макдэниел отбасы медбикелерге және аурухананың барлық қызметкерлеріне Джонның өмірін коронавирустан сақтап қалуға тырысқандары үшін шын жүректен алғыс айтады. Олар барлығына қауіпсіздік үшін әлеуметтік қашықтықты сақтау керектігін еске салғысы келеді, - делінген көңіл айту хабарламасында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!