Карантин тәртібін бұзған Роналду да айыппұл төлей салуды жөн көрген секілді

14:58, 26 қазан 2020

Италияның "Ювентус" футбол клубының португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі медициналық хаттаманы бұзды, деп хабарлайды zakon.kz.

35 жастағы португалдық 13 қазан күні коронавирусқа алғаш рет ПТР-тес тапсырып, одан КВИ анықталды. Тыйым салынғанына қарамастан, Роналду Португалиядан Италияға оралып, өзінің карантинде болу уақытын 14 күннен 10 күнге дейін қысқартты.

- Италияға келген Роналду медициналық хаттаманы бұзды, мұны тергеу дәлелдеді, - деп хабарлайды Gazeta.Ru Италияның спорт министрі Винченцо Спадафораға сілтеме жасап.

Роналду "Ювентуске" 2018 жылы "Реалдан" ауысқан. 2020/21 маусымда ол А сериясының екі кездесуінде үш гол соқты, ол - бес дүркін "Алтын доп" иегері, бес дүркін Чемпиондар лигасының жеңімпазы, Англияның үш дүркін чемпионы, Испанияның екі дүркін чемпионы, Италия чемпионы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!