Қарақұрым халық кездесуге келген депутаттарды оңдырмады

15:54, 15 қаңтар 2021
1367

Пермь өлкесіндегі Александровск қалалық думасы депутаттарының жиналысы жаппай төбелеспен аяқталды. Оның үстіне олар жергілікті тұрғындармен жаға жыртысқан, деп хабарлайды zakon.kz mk.ru-ға сілтеме жасап.

Мәселенің бәрі жергілікті халықтың қалалық дума есігін көлегейлеп, онда халық қалаулыларын кіргізбей қоюынан басталған. Салдарынан депутаттар жалаң қолмен мәселені шешуге ден қойған.

Бұған басты себеп - жергілікті тұрғындар бір жыл бойына қала басшысының дұрыстап сайлаунбауына наразы, өйткені депутаттар екіге жарылып, бір-бірімен ұзақ уақыт бойы ортақ тіл таба алмай келеді. Сондықтан жергілікті халық бұл дума өзін-өзі таратсын деп талап қоюда.

Қалалық Думадағы орындардың көпшілігі Коммунистік партияның еншісіне тиесілі. Тұрғындардың наразылығына байланысты депутаттардың жиналысы 14 қаңтарда көшеде өтуі керек болды.

Өз кезегінде оппозиция бұл оқиғаға аудан басшысы міндетін атқарушы Александр Шицынды кінәлайды, ал Пермь губернаторы әкімшілігі бұл оқиғаны "заңсыздық" деп санады.

Көшедегі кездесу кезінде депутаттар Людмила Белецкаяны қазіргі Марина Зиминаның орнына Думаның жаңа спикері етіп тағайындағаны атап өтілді. Бірақ ауданның жаңа басшысын сайлау үшін бір дауыс жеткіліксіз болды. Енді келесі шешімді қарау ісі 28 қаңтарға ауыстырылды.

Төбелестің видеосы мына сілтемеде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!